
2019 жылдың қаңтар айында "Кен-Құрылыс-Сервис" ЖШС-нің директоры Дүйсен Әбілбайұлы Медеуов, Жаңаөзен құрылыс-құрастыру, Жол-құрылыс және Автокөлік және арнайы техника басқармаларының жұмыскерлерімен, 2018 жылдың қорытындысы бойынша есеп-беру жиналысын өткізді.
Жиналыста, Серіктестіктің 2018 жылы өндіріс бағдарламасын орындау есебі және бюджетті орындау, оның ішінде кіріс және шығыс көрсеткіштері айқындалып, Серіктестіктің негізгі қаржы-экономикалық ,жағдайы талқыланды. Сондай-ақ, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау іс-шараларның орындалысы туралы жеткізілді.
Жиналыс еркін, сұрақ-жауап форматта жалғастырылды, жиналысқа Серіктестіктің топ басышылары, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, қаржы жөніндегі орынбасары, коммерциялық сұрақтар бойынша, жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директорлары қатысты. Сондықтан, жиналысқа қатысушы кез-келген Жұмыскер, Серіктестік директорына тікелей немесе оның орынбасарларына сұрақ қойып, жауап алды. Өткізілген есеп-беру жиналысы бойынша хаттама жасақталды.
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.