ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

МАМАНДЫҚТЫ ШЫҢДАУ - УАҚЫТ ТАЛАБЫ 09.10.2017 12:11

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ ұйымдастыруымен «Кен-Құрылыс-Сервис», «ӨзенМұнайСервис» және «Су өндіру және тасылмаудау басқармасы» жауаркершілігі шектеулі серіктестіктері дәнекерлеушілерінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында теориялық және практикалық бөлімнен тұратын тренинг өткізілуде.

2I0B8151

 Оқыту-тәжірибелік курсы биылғы жылдың тамыз айының 7-інде басталған болатын. 4 топ теориялық оқу курсын тәмамдады. Бесінші топ теория бойынша оқуды қыркүйектің 18-інде бастайды.

Тәжірибе бойынша 2 топ оқуды аяқтады. 11 қыркүйекте 3-ші топ оқуды тәмамдады.

«Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС директоры Салтанат Ысқақов маңызды тренингті ұйымдастырған «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-на жоғарыда аталған мекеме еңбек ұжымдарының атынан зор алғысын білдірді.

ҚМГ БӨ мұнай сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директор Айнұр Шәненова: «Жаңа технологияларды енгізу – қазіргі заман талабы. Сондықтан, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ еншілес мекемелер мамандарының жаңа заманауи үлгідегі дәнекерлеу аппараттарымен жұмыс жасау үшін оқыту шарасын іске асырып отыр. Қай мекеме бәсекелестікке бейім болса, сол мекеменің мерейі үстем болады», – деді. 20 жылданастамдәнекерлеушіболыпжұмысжасапкележатқан «КҚС» ЖШС жұмыскеріСенбайАманжолов

«Жұмысым өзіме ұнайды. Қазіргі заман кезкелген маман иесінен іскерлікті талап етеді. Бізге заманауи үлгідегі дәнекерлеуші аппаратта жұмыс жасауға үйрету үшін тренинг өткізіп жатқан компания басшылығына алғыстан басқа айтарымыз жоқ», – деді. 1979 жылдан бері қиын кәсіп иесі болып талмай жұмыс жасап келе жатқан Серікбай Қаржаубаев әрбір дәнекерлеуші өз ісінің маманы болғаны жөндесе, «СӨТБ» ЖШС-нің 5-дәрежелі электрогазбен дәнекерлеушісі Ауғанбай Тайманов «заман кезкелген маман иесінен іскерлікті талап етіп тұр, сондықтан өзгелер жаңа технологияларды игеріп, ілгерілегенде біздің қарап жатуымыз жарамайды», – дейді.

Иә, Әлихан Бөкейхан айтпақшы, «ақыл да, ұсталық та оқумен, істеумен жүре ұлғаяды».

Ақпарат "Мұнайлы мекен" "ҚазМұнайГаз" БӨ" корпаративтік газетінен алынды.


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.
Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль:
запомнить