ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

МҰНАЙШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ТҰРМЫСТЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ 17.09.2017 10:19

Мұнай газ өнеркәсібі қызметкерлерің кәсіби мерекесі қарсаңында «Өзенмұнайгаз» АҚ, №3 МГӨБ -ына қарасты №60 Топтық қондырғының заманауи үлгісіндегі тұрмыстық-шаруашылық кешені бой көтеріп, мұнайшылар игілігіне берілді.

№3 Мұнай-газ өндіру басқармасының директоры Жеңісбек Сүлейменов әріптестерін құттықтай отырып, еңбекке қолайлы жағдай тудыру арқылы өндірісте үлкен жетістікке жетуге болатындығын ерекше атап өтті.

Жаңа нысанның лентасын басқарма директоры Жеңісбек Сүлейменов пен «Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігінің директоры Салтанат Исқақов қиып, жақсылыққа бастар игі істер көп болсын деп Жеңісбек Сүлейменовке тұрмыстық-шаруашылық кешенің символикалық кілтін салтанатты түрде табыс етті.

ТҰРМЫСТЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ 01

№3 МГӨБ -да 43 жылдан бері абыройлы еңбек етіп келе жатқан Сағыныш Қошанов «Әр күніміз жақсарып келеді. Жаңа нысан көңілімізді көтеріп тастады. Көңілдің қошы болмаса, өмірдің сәні де жоғалмақ. Заман талабына сай тұрмыстық-шаруашылық кешенін салып берген және өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарған «Кен-Құрылыс-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымына алғыс айтамыз», - дейді.

ТҰРМЫСТЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ 04

cуретте Сағыныш Қошанов

Айта кетейік, модульді ғимараттарды құрастыру үшін «Кен-Құрылыс-Сервис» мекемесі биыл арнайы сертификат алды. Қәзіргі уақытта компания модульді ғимараттарды құрастыру бағытында қазақстандық тауарөндіруші қатарында.

«Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігі құрастырған тұрмыстық-шаруашылық кешенінің ерекшелігі автоматтандырылған басқару жүйесі орнатылған. Өрт немесе ғимаратқа газ толған кезде инженерлік-техникалық қызмет орталығына (ЦИТС) автоматты түрде тікелей хабарлайды және ғимарат ішіндегі ауаның алмасу жүйесі қосылып адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелері лезде дабыл қағады. Ғимараттың ауласына және ішіне қондырылған инновациялық бейне бақылаудың функционалдық мүмкіндіктері мол. Күзетілетін аумақтағы жазбаны және ағымдағы трансляцияны топтық қондырғының мұрағат орталығынан бөлек бір мезгілде инженерлік-техникалық қызмет орталығында (ЦИТС) қарай алатындай етіп жүргізіледі.

- Осы жақсы бастама болашақта жалғасын табады және үлкен жобаларға ұласады деген сенімдемін. Айтулы жобаны өткізуге атсалысқан, мекемеміздің мамандарына көп-көп алғыс айтамын, - деді «Кен-Құрылыс-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Салтанат Қыдырбайұлы.

ТҰРМЫСТЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ 03


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.
Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль:
запомнить