ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

МҰНАЙШЫЛАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 04.09.2020 17:37

Құрметті Мұнайшылар!

Ата-бабаларымыздың қара алтынды қауғамен тартып, түйемен тасымалдаған әрі сапалы өнім жағынан әлем мұнайынан кейінгі жетекші орынды иеленген, қазақ халқының игілігіне несібе болған қара алтынды игерген Мұнайшылар күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еліміздің баянды болашағы, игілігі жолындағы еңбектеріңізге үлкен жетістіктер мол табыстар тілеймін!
Сіздерге келешекте де Қазақстанның өсіп-өркендеп дамуына қосқан үлестеріңізге және де кен игеру саласындағы абыройлы істеріңіздің ырысы мен берекесін көруіңізге тілектестік білдіремін!
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на қарасты компаниялар тобы - «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы, «Ембімұнайгаз» АҚ-ы, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-гі,«СӨТБ» ЖШС-гі, «ҚазГӨЗ» ЖШС-гі, «KMG EP-Catering» ЖШС-гіне атаулы мереке құтты болсын!
Құрметпен, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС-нің директоры Дүйсен Әбілбайұлы Медеуов

Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.
Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль:
запомнить