
2017 жылдың тамыз айында «Кен-Құрылыс-Сервис» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің басқармалары жұмысшыларымен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының мұнайсервис жобалары жөніндегі басқарушы директоры Айнұр Шаненова кездесу өткізді.
Жұмысшылардың назарына арнайы әзірленген «Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігінің дамыту тұжырымдамасы ұсынылды. Тұжырымдаманы Айнұр Келтірқызы түсіндірді.
- 2015 жылдан бастап «Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігінің жыл сайынғы шығыны 2,8-3 млрд. теңгені құрады. Бұл 2014 жылы мұнай-газ саласы қызметкерлеріне арналған бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесін (ЕСОТ) енгізілуіне және теңгенің құнсыздануына байланысты. Шығындар серіктестіктің жалғыз қатысушысының – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы қаражат есебінен өтеліп келеді. Бүгінгі таңда «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ ұсынған дамыту тұжырымдамасында «Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігінің қызметінің тиімділігін арттыру арқылы қаржы жағдайын жақсарту көзделген, - деді «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның мұнайсервис жобалары жөніндегі басқарушы директоры Айнұр Шаненова.
Басқарушы директордың айтуынша, серіктестіктің негізгі үш қызмет бағыттында дамыту көзделген. Олар:
- Кен орынды жайластыру жұмыстары
- Құбырларды салу, жаңғырту және жаңарту жұмыстары
- Автокөлік жолдарын салу және жөндеу жұмыстары
Сонымен қатар, «Кен-Құрылыс-Сервис» жауапкерлігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерінің саны қысқарту жоспарланбаған. Ұсынылған тұжырымдамада рентабелді емес қызмет түрлерінің штаттын қысқарту «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының еншілес тәуелді ұйымдарына ауыстыру арқылы жүргізіледі, - деп атап өтті Айнұр Келтірқызы.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының мұнайсервис жобалары жөніндегі басқарушы директоры Айнұр Шаненова
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.