ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

«КЕН-ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» СЕРІКТЕСТІГІНДЕ АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРДЫ ЖАҢАРТУ ЖОСПАРЛАНҒАН 26.10.2017 18:52

Серіктестіктің арнайы техникалары 10 жылдан астам уақыт пайдалану мерзімін өтеп, амортизациялық құны толықтай өтеліп, тозығы жеткендіктен жаңартуды талап етіп тұр.

Барлық техникаларды жаңарту бір жылдың шеңберіне сыймайтындығына қарамастан, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС-і басшылығы арнайы техникаларды 2017-2018 жылдар аралығында жаңартуды көздеп, бір жылдық мерзімді қажет ететін жоспарды бекіткен болатын. Аталған жоспар «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ы басшылығы тарапынан қолдау тауып, 320 000 000 теңге қаржы бөлінді.

Осы қаражатқа «Кен-Құрылыс-Сервис» мекемесіне 25 дана арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, төмен рамалы тіркеме (трал) – 1 дана, европалық заманауи дизельді дәнекерлегіш агрегат – 2 дана, жартылай автоматы дәнекерлегіш агрегат – 8 дана, экскаватор - жүк тиегіш – 1 дана, 25 тонналық автокран – 1 дана, гидравликалық металл иетін машина (гидравлическая листогибочная машина) – 2 дана, металл иетін станок (ручной листогибочный станок) – 2 дана, бұрғылау-кран машинасы (бурильно крановая машина) – 2 дана, құбыр салу көлігі (кранның жебесі 7 метр)  – 2 дана, Италиядан шыққан өзін-өзі тиеуші бетон дайындауға арналған заманауи техника Carmix 3,5 ТТ (самозагрузочный миксер) – 2 дана, бетон араластырғыш (бетонно смесительный узел) – 1 дана.

Сондай ақ, бетонды бұйымдар үшін: іргетас блоктарын дайындайтын құю қалыбы (формы для изготовления фундаментных блоков) – 21 дана, жол плиталарын дайындайтын құю қалыбы (формы для изготовления дорожных плит) – 2 дана, бетон сақиналарын дайындайтын құю қалыбы (формы для изготовления бетонных колец) – 2 дана.

«Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігі басшылығы арнайы техникаларды жаңалауды өндірісті алға қарай дамытудағы алғы шарт ретінде назарда ұстап, көліктерді жаңарту үстінде. Жаңа техникамен мұнай өнімділігінің анағұрлым артатыны сөзсіз. 


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.
Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль:
запомнить