ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

«КЕН-ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» СЕРІКТЕСТІГІ ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ АРАСЫНДА "ҮЗДІК МАМАН-2017" КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ ӨТТІ 05.09.2017 22:38

Шілде айының 12-і мен тамыздың 4-і аралығында «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС-і жұмысшыларының арасында "Үздік маман-2017кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Байқауда кәсіптің 9 түрінен атап айтар болсақ, электргазбен дәнекерлеуші, сыртқы құбыр құрастырушы, құбыр ораушы, электроқұрастырушы, жол жұмысшы, автогрейдер машинисі, тас қалаушы, ағаш шебері және сыршы-сылақшының майталмандары өз шеберлерліктерін сынға салды.

Теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау барысында өндірістік нысандарда арнайы жабдықталған жұмыс алаңдары, бөлмелер, құрал саймандар мен жабдықтар дайындалды. Аталған байқауға жоғары кәсіби шеберлігі мен адал еңбегін дәлелдеген мекеменің 43 маманы қатысты.

Ағымдағы жылдың 11 тамыз күні Жаңаөзен қаласының «Мұнайшы» мәдениет сарайында «Құрылысшылар күніне» орай өткен салтанатты жиынында «Кен Құрылыс Сервис» ЖШС директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Биманов Әбдірахман жоғары нәтиже көрсеткен барлық қатысушыларды құттықтай келе:

- «Құрылысшылар күніне» орай ұйымдастырылған кәсіби "Үздік маман" байқауында жеңіске жету үлкен жетістік деп білемін. Мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, жігерін жанитын байқау мамандардың білімі мен біліктілігін арттырады. Практикалық сайыс сіздердің жұмысыңыздың сапасын, ал теориялық сайыс өз мамандықтарыңыздың қаншалықты деңгейде меңгергеніңізді көрсетті. Үздік маман атану үлкен жауапкершілік жүктейді, - деді.

Сондай-ақ, басқарма басшыларының айтуынша шеберлік байқауы әріптестік қарым-қатынасты нығайту, еңбек адамдарының біліктілігін көтеруге мейлінше ықпал етеді.

_MG_8766

  • Электргазбен дәнекерлеуші мамандығы бойынша

1 орын – Аманжолов С. Жаңаөзен құрылыс құрастыру басқармасы

2 орын – Садықов С. Жаңаөзен құрылыс құрастыру басқармасы

3 орын – Зауытбаев Т. Жаңаөзен құрылыс құрастыру басқармасы

 

  • Сыртқы құбыр құрастырушы мамандығы бойынша

1 орын – Қалжанов Қ. Жаңаөзен құрылыс құрастыру басқармасы

2 орын – Джолдасов К. Жаңаөзен құрылыс құрастыру басқармасы

3 орын – Молдабеков Т. Жаңаөзен құрылыс құрастыру басқармасы

 

  • Құбыр ораушы мамандығы бойынша

1 орын – Узбеков Ш. Жаңаөзен құрылыс құрастыру басқармасы

2 орын – Тоқышев М. Жаңаөзен құрылыс құрастыру басқармасы

3 орын – Нурқасымов С. Жаңаөзен құрылыс құрастыру басқармасы

 

  • Электроқұрастырушы мамандығы бойынша

1 орын – Тулеуов С. Жаңаөзен құрылыс құрастыру басқармасы

2 орын – Кошеров Ж. Жаңаөзен құрылыс құрастыру басқармасы

3 орын – Альджанов П. Жаңаөзен құрылыс құрастыру басқармасы

 

  • Жол жұмысшымамандығы бойынша

1 орын – Кабулов А. Жол жұмыстары басқармасы

2 орын – Разаков Д. Жол жұмыстары басқармасы

3 орын – Куватов Н. Жол жұмыстары басқармасы

 

  • Автогрейдер машинисі

1 орын – Оразкулов М. Жол жұмыстары басқармасы

2 орын – Асенов Ж. Жол жұмыстары басқармасы

3 орын – Картабаев Б. Жол жұмыстары басқармасы

 

  • Тас қалаушы

1 орын – Назарбаев С. Жөндеу құрылыс басқармасы

2 орын – Утебуллаев Ж. Жөндеу құрылыс басқармасы

3 орын – Себепов Ж. Жөндеу құрылыс басқармасы

 

  • Ағаш шебері

1 орын – Айтмухамбетов И. Жөндеу құрылыс басқармасы

2 орын – Сатиманов И. Жөндеу құрылыс басқармасы

3 орын – Қыдырбаев М. Жөндеу құрылыс басқармасы

 

  • Сыршы-сылақшы

1 орын – Бекенова О. Жөндеу құрылыс басқармасы

2 орын – Омарова А. Жөндеу құрылыс басқармасы

3 орын – Испусинова Г. Жөндеу құрылыс басқармасы


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.
Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль:
запомнить