
«Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігі республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Игілікті іс-шара барысында Жаңаөзен қаласына қарасты орта мектептердің 10 оқушысына сапалы мектеп формалары, мектеп сөмкелері, мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп оқушыларына арналған аяқ-киімдері табысталып, жаңа оқу жылы алдында балаларға көмек әрі сыйлық ретінде тарту етілді.
Ата-аналар да өз кезегінде қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жылы лебізі мен қол ұшын аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып отырған «Кен-Құрылыс-Сервис» мекемесі ұжымына үлкен ризашылықтарын білдірді.
– Оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Жаңа оқу жылына жақсы көңіл-күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған бұл қайырымдылық шарасы әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — демекші, сындай игі іске ұйытқы болып, кеңпейілдік танытқан «Кен-Құрылыс-Сервис» компания өкілдеріне алғысымыз шексіз, — деді Жолдас Альбинаның анасы Ташмұхаметова Салима.
Балалар мен олардың ата-аналарына қуаныш сыйлаған қайырымдылық шара жаңа оқу жылына жақсы көңіл-күй, жаңа қарқын, білімге деген құштарлық, әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз.
Мерекелік шара аясында «Жаңаөзен» сауда орталығында орналасқан «Coffee River» дәмханасында балалар үшін дастархан жайылды.
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.