
Өткен жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысында бастау алған «Асар» қайырымдылық акциясы және Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерей тойы аясында көпбалалы отбасын асырап отырған, «Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігінің жұмысшысы Сойырқаз Нәбиге, серіктестіктің ауыз біршілігінің арқасында баспана салып беру жобасы қолға алынып, ағымдағы жылдың мамыр айында құрылысы басталып кетті.
Бүгінде 5 бөлмелі үйдің қабырғасы қаланып бітті. Төбесі жабылып, үйдің іші сырланып, жылу жүйесін жүргізді.
Асарлатып жасап жатқан бастамаға серіктестіктің қызметкерлерінің бірі қаржылай, енді бірі заттай, ал келесісі қол күшімен демеу болуда.
Асар - бұл ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптың бір түрі. Қол күшін керек ететін, көпшіліктің қатысуымен орындалатын жұмыс. «Асар» халқымыздың бірлігін, көмек қолын беруге, жақын дос адамдарға қамқорлық жасайтынын көрсетеді.
Болашақта Нәби ағамыз да жаңа үйдің қоныс тойын тойлар, тек «Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігінің қызметкерлерінің игі істері өзге де жандарға үлгі болып, қаймағы бұзылмаған деген теңеуі бар ауылдардың бірлік-берекесі кетпесін.
Мұрат Бекмағанбетов
Комментарии
Комментариев пока нет
Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.