ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

Қауіпсіз өткен 365 күн - 100% қауіпсіздікке қол жеткізу жолында 13.09.2018 14:33

 

Сауат Мыңбаев

Көп жылдар бойы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтау тек заңнама талабы ретінде ғана қаралып келді, нормативтік-құқықтық талаптар да қауіпсіздік мәселелерін басқару жөніндегі жұмыстың бағыттарын айқындады. Тәртіп пен бақылау түйінді элементтер болып табылды. Бұл ретте өндірісте жарақаттану жағдайларының болмауы кол жетпес мақсат болып саналатын немесе әрі кеткенде біз ұмтылуға тиісті арман қалпында еді.

Уақыт өте келе өндірістік процестердің күрделілігін, еңбекті қорғау мәселелеріндегі дербес жауапкершілікті арттырудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуімізге орай, біздің қауіпсіздікмәдениетіміз де өзгере бастады. Біз осы бағыттағы әpi қарайғы дамудың куәгерлеріне айналып, командаішілік анағұрлым тиімді өзара әрекеттестік нәтижесінде өзімізді еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында көшбасшы ретінде қабылдай бастадық. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек заңнамалық талаптарды орындау ғана емес, сонымен бipгe қызметкерлер, мердігерлікұйымдардың өкілдері мен қоғам алдындағы біздің адамгершілік борышымызға айналды. Одан бөлек біз қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғауға қатысты тандаулы тәжірибелерді енгізу ешқандай зиян әкелмейтінін түсіндік, ал қауіпсіздік кағидаларының сақталмауы материалдық, адами зор шығындарға және де іскерлік беделіміздің төмендеуіне алып келері анық.

Қауіпсіздік тұрғысындағы Мүлтіксіз Күн - ол ҚМГ-ның барлық қызметкерлері өз отбасыларына аман-сау оралатын, апат атаулы болмаған және біздің қызметіміз қоршаған ортаға зиянын келтірмегенкүн. 2014 жылы біз алғаш рет осы күндерді eceпке алуды бастап, 90 күн қауіпсіз жұмыс атқарыпшықтық. 2015 жылы көрсеткіш 96 күнді қамтып, 2017 жылдың соңына қарай 30%-ға жақсарып, 125 күнге жетті. Ағымдағы жылдың статистикасы жыл соңына қарай 200 қауіпсіз күнді болжауға мүмкіндік беріп отыр, алайда оң серпінге қарамастан, ұмтылыстарымыз әлі де алда. Мақсат қып қойған 365 қауіпсіз күнге жақындаған сайын, әpбip келер күнге қол жеткізу үшін күш-жігерімізді көбірек жұмсауымыз керектігін түсінуіміз керек.

Сол себепті біз «100% қауіпсіздік» бағдарламасын icкe қосып отырмыз. Осыған дейін жазатайым жағдайлар мен апаттардың мүлдем болмауы біздіңпайымымыз болып келсе, ендігі жерде бұл – күтілетін нәтиже болмақ. Бұл біздің өзіміздің және мердігердің қызметкерлеріне тиісті құқық бере отырып, олардан қауіпсіздік техникасы қағидаларының орындалмауы, бұзылуы немесе «100% қауіпсіздік» қағидатынан ауытқушылық байқалған жағдайларда өз пікірін ашық айтуларын, іске араласуларын, талаптарға сәйкестікті қамтамасыз етулерін күтеміз.    

ҚМГ қауіпсіздік ережелерін 100% сақтау ұстанымына өзінің басты құндылықтарының бipi ретінде қарайды. Бұл жалаң ұран емес!

Сауат Мыңбаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.
Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль:
запомнить