ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚОШ КЕЛДІҢ! 24.04.2020 14:36

Қасиетті Рамазан айында, ниет етіп ауыз бекітіп, ораза ұстайтын Қызметкерлердің назарына:
- Өзіңіздің физикалық мүкіндіктеріңізді дұрыс бағалай біліңіз. Егер ораза адам денсаулығына зақым келтіретін болса, Ислам діні ораза ұстауға тыйым салады.  Егер оразаны ұстауға шамаңыз келмегенін сезсеңіз, оразаңызды уақытша тоқтатыңыз. Медициналық қарсы көрсетілімдеріңіз болса, оразадан бас тартқаныңыз жөн.
- Ұзаққа созылатын қарқынды физикалық жұмыс жасауыңыз мүмкін. Жұмысыңызды жоспарлаған кезде осыны ескеріп, қажетті уақытты қосыңыз. Үзілісті жиі жасап тұрыңыз.
- Ұйқыңызды қандырыңыз. Шаршағандықты болдырмау үшін адам күніне орта шамамен 7 сағат ұйықтау керек.
- Күн батар кезде жолда абай болыңыз, кейбір жүргізушілер  кешкі асқа  (ифтарға) үйге жету үшін асығуы мүмкін.
 
Келесі міндеттерді орындау барлығымыз үшін бірінші орында қала бермек:
- Егер әріптесіңіздің жұмыс кезінде әлсіздік белгілерін байқасаңыз, көмектесіңіз.
- Оған қажетті дем алуды/ үзілісті алуға көмектесіңіз.
- Бір-біріңізге қамқорлық пен құрмет көрсетіңіз.
 
Коронавирустық инфекцияның пандемиясын ескере отырып, барлық сақтық шараларын сақтаңыз. Карантин шараларын сақтаңыз: адамдар көп шоғырланған жерлерге бармаңыз, ифтарға қонақ шақырмаңыз. Өзіңіздің денсаулығыңызды бақылаңыз және иммунитетті төмендетуден аулақ болыңыз.
 
Қасиетті Рамазан айы мүбәрак болсын!
 

Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.
Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль:
запомнить