ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

БИЫЛ «КЕН-ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫ ҚҰРЫЛДЫ 16.10.2017 16:43

2017 жылдың 10 сәуір күні «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі шешімімен «Кен-Құрылыс-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Атырау облысы филиалы құрылды. Филиал директоры болып Аманкул Умиров тағайындалды.
Атырау облысы филиалының негізгі қызметі «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамына қарасты «Енбімұнайгаз» акционерлік қоғамына қарасты кен орындарында сұйықтықты жинау және тасымалдау жүйесін қайта салу және ұңғыларды жайластыру бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарын өндіру болып табылады.
«Кен-Құрылыс-Сервис» серіктестігінің Атырау облысы филиалында 4 құрылыс- құрастыру және жол жұмыстары учаскелері бар. Филиалдың кеңсе және қоймалық ғимараттары «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамының өндірістік-техникалық қамтамасыз ету және жабдықтарды жинақтау басқармасы (УПТОиКО) аумағында орналасқан. Филиалдың өзіне тиесілі: 54 орындық жатақхана, 10 жұмыс орнына кеңселік ғимарат, кептірмесі бар монша және қоймасы орналасқан қоршалған өндірістік базасы бар.
Сонымен қатар 2018 жылы өзінің өндірістік қуаттарын, сондай-ақ құрылыс-құрастыру жұмыстарының сапасын нығайту және жаңарту мақсатында, филиалға автокөлік құралдарының негізгі түрлерін және дәнекерлеу жабдықтарының анағұрлым заманауи түрлерін сатып алу үшін қаражат бөлу жоспарлануда.
- Сұйықтықты жинау және тасымалдау жүйесін қайта салу және ұңғыларды жайластыру бойынша негізгі өндірістік нысандардан басқа, жоспарда автожолдар салу және Кенбай кен орынында 100 орындық жатақхананың модульдік ғимараттарын салу, С.Балғымбаев кен орынында 150 орындық және Қисымбай кен орынында 50 орындық асхана салу қарастырылған, - деді серіктестіктің алдағы жоспарларымен бөліскен филиал басшысы Аманкул Аманжолұлы.
Кездескен қиындықтарға қарамастан Атырау филиалының ұжымы, бүгінгі таңда өзінің негізгі тапсырысшысы «Ембімұнайгаз» АҚ алдында шарт міндеттемелерін дер кезінде орындауға барынша күш салуда, бұл келешекте серіктестікке негізгі стратегиялық серіктес ретінде қарап, өзара қарым-қатынасының нығаюына және ұжым аясында болашақ дамуға деген сенім ұялатуға мүмкіндік береді.
_MG_8596
(Суретте Аманкул Аманжолұлы)

Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.
Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль:
запомнить