ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

БАЛАНЫҢ БҮГІНГІ ДЕМАЛЫСЫ – ОЛАРДЫҢ ЕРТЕҢГІ ӨМІРІНЕ КӨЗҚАРАСЫ 02.10.2017 08:45

Жазғы үлкен үзіліс - ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын бекіту, денесін шынықтыру, күш жинау үшін беріледі. Бірақ бұл да олардың рухани баю, өз күштерін тексеру және байқап көру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты.

 

_MG_8680

 

Осы орайда, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС-і еңбеккерлерінің 250 баласы үшін «Кендірлі» демалыс аймағында орналасқан «Ақбөбек», Көкшетауда орналасқан «Сұңқар», Алматы облысындағы «Тау Самалы» және «Арман Дала» балалар лагерлерінде жазғы демалыс ұйымдастырды.

 

 «Кен-Құрылыс-Сервис» мекемесі мамандары Жаңаөзен қаласынан «Ақтау» әуежайына жайлы автокөліктермен жеткізілуін, бүлдіршіндердің бес мезгіл тамақтануын, оларға арнайы тәрбиешілер жетекшілік етуін қадағалады. Сондай-ақ медбике, педагог-психолог, үйірме жетекшілері жұмыс жасады. Сонымен қатар лагерьдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күзетшілер мен тәрбиешілер бірлесе отырып, кезекшілікке тұрды.

 

Лагерь ұжымы әр баланың көңілінен шығып, ой-саналарының кеңейіп, дами түсуіне, жаңа достар тауып, әр күнді көңілді өткізулеріне барынша мүмкіндік жасады.

 

Лагерьде өткізілетін танымдық ойындар, сайыстар лагердің бағдарлы бағытына қарай негізделген. Ал балалардың денсаулығы нығайып, салауатты өмір салты мен достық қарым-қатынас, азаматтық сезімдерінің қалыптасуы үшін лагерьде спорттық жарыстар, жолдастық кездесулер, жорықтар, көңілді кештер өткізілді.

 

Сонымен қатар, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС қызметкерлерінің балалары Елордаға саяхат жасады. «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында «Астана - балалар көзімен» деген атаумен ұйымдастырылған экскурсия кезінде балалар Астанадағы мәдениет ошақтарын аралады.

 

«Жұмысшылар серіктестік басшылығының бұл жұмыстарына жақсы көзқараста. Балалардың сауықтыру демалысын қамтамасыз ету - біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі» - деп, атап өтті «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС-і әлеуметтік сала жетекшісі Молбаева Ырыс.

 

Айта кетейік, 2017 жылы «Кен-Құрылыс-Сервис» қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті бюджеттен жазғы демалысқа қаражат бөлінген жоқ. Серіктестіктің еңбеккерлерінің балалары үшін «Кен-Құрылыс-Сервис» мекемесі қаражатына жолдама алып берілді.

 

Қорыта келгенде балалар демалысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, серіктестіктің мамандарының ұдайы бақылауында болды. Өйткені, жазғы демалысын тиімді әрі қызықты өткізген баланың дені сау, көңілі көктем, ең басатысы сабаққа деген қызығушылығы да жоғары болмақ.


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.
Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль:
запомнить