Серіктестік Жұмыскерлерінің назарына

← Предыдущая Следующая →
57

1. Серіктестіктің еңбек, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі туралы іс-шараларды орындау туралы

Ақпарат Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бөлімімен дайындалған: Жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шаралары жүзеге асырылды. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыру қызметтері есепті мерзім аралығында жүргізілген жоқ. Жұмыскерлерді арнайы киімдермен жеке қорғану құралдарымен қамту іс-шаралары жүзеге асырылды.                                                                                                                                     мың, теңге

Атауы

жоспар

факт

ауытқу

1

Жұмыскерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру

25 599

25 599

0

2

Арнайы киім сатып алу

17 691

13 186

-4 506

3

Жеке қорғану құралдарын сатып алу

1 579

922

-657

4

Ұжымдық қорғану құралын сатып алу

1 621

0

-1 621

5

Психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану фактісін және мас болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыру қызметтері

28

0

-28

 

ЕҚ бойынша барлығы:

46 519

39 707

-6 812

1

Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

557

350

-207

 

Өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша барлығы:

557

350

-207

1

Нысандардың өрт қауіпсіздігін қамтамсыз ету және өрт сигнализациясын техникалық бақылау

1 050

1 029

-21

2

Ағаш құрылымдарын сіңдіру

0

0

0

3

Барлық сигналдарды беруді арнайы үй-жайға шығара отырып, кезекші персонал тәулік бойы болатын және жобаны әзірлей отырып, автоматты өрт сигнализациясын орнату және монтаждау

0

0

0

 

Өрт қауіпсіздігі бойынша барлығы:

1 050

1 029

-21

 

БАРЛЫҒЫ:

48 125

41 086

-7 040

 

 

 

2. Жоспарланған өндірістік бағдарламаны орындау туралы

Атап өткендей, ағымдағы жылы Covid-19 вирустық инфекцияның өзімен және оның салдарымен күресу мақсатында, Қазақстан Республикасының территориясында төтенше жағдай жарияланып, карантин және қатаң шектеу шаралары енгізілді. Серіктестік Жұмыскерлерінің денсаулығымен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолдан келген барлық шектеу шараларын қолданды, сонымен қатар өндірістің де тоқтап қалмауына көп іс-шаралар жүргізді.

Серіктестік өзінің қаржылық жағдайының мүмкіндіктерін ескере отырып, және өз Жұмыскерлерінің еңбек қабілеттілігімен қолдауы арқасында өндіріс процессін кідіртпей жұмыстанды. Соған сәйкес 7 айы бойы жасалған жұмыстардың көрсеткіштері төмендегідей:                                                       мың,теңге

Атауы

жоспар  

факт  

 ауытқу

 1

Кен-Құрылыс-Сервис ЖШС-гі

5 988 628

5 305 502

-683 126

Өзенмұнайгаз АҚ-ы

5 361 062

4 563 947

-797 115

 2.1.

Күрделі құрылыс

4 664 300

3 879 919

-784 381

 2.2.

Күрделі жөндеу

696 762

684 028

-12 734

 3

Ембімұнайгаз АҚ-ы

627 566

741 555

113 989

 3.1.

Күрделі құрылыс

627 566

741 555

113 989

 3.2.

Күрделі жөндеу

0

0

0

 

 

 

3. Әлеуметтік сұрақтар бойынша

Серіктестіктің әлеуметтік қолдау іс-шаралары, бірінші ретте Жұмыскермен оның отбасы мүшелеріне көзделген (жоспарланған бюджет шеңберінде) әлеуметтік көмек және қолдау көрсету болып табылады. Бұл шаралардың барлығы Серіктестікпен оның Жұмыскерлері арасында жасақталған Ұжымдық шартта көрсетілген.

Өзіңіз білетіндей, елімізде күрделі эпидемиологиялық жағдай туғызған коронавирустық инфекцияның жылдам қарқынмен таралу салдарынан, барлық әлеуметтік-мерекелік іс-шаралар, жиналыстар және т.б. тоқтатылды. Жүріп-тұру, көлік, әуе және темір жол қозғалыстары шектетілді. Әрине бұл вирустық инфекцияға ешкім дайын болған жоқ, бірақ Серіктестік өзінің күшімен Жұмыскерлерінің, қатысушысы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның қолдауымен алдын-алу, қорғану шараларының барлығын күні бүгінге дейін жүзеге асырып келеді.

Соның ішінде, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету; жұмыс орындарын (ғимараттарымен нысан басындағы вагон-үйшіктерін) арнайы мамандармен дезинфекциялау; клининг қызметін көрсетуші мердігерлермен күшейтілген режимде және тұрақты түрде арнайы залалсыздандыру құралдарымен өңдеу жүргізу; Жұмыскерлерді тасымалдайтын барлық көлік құралдарын тұрақты дезинфекциялау; қолжетімді және түсінікті мәтінде ашық орындарда арнайы брошюралар ілу; барлық кіре беріс, қабылдау бөлімдерінде антисептиқалық құралдар орнатылып, профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылды.

Ағымдағы жылға жоспарланған Жұмыскерлердің денсаулығын жақсартуға көзделген санаториялық-курорттық емдеу және Кендірлі демалыс аймағына жолдамаларға, белгілі жағдайға байланысты сұраныс болмады.

Айта кету қажет, әлеуметтік-мерекелік шаралардың өткізілмегеніне қарамастан, Серіктестікпен Жұмыскерлерге мерекелік сыйлықақы төленіп, Ұжымдық шартпен көзделген материалдық көмек қаржылары берілді. Сондай-ақ, Серіктестікпен оның Жұмыскерлеріне қатысты және өзге де ақпараттар, хабарламалар, құттықтау хат-хабарлары Серіктестіктің әлеуметтік желісінде/парақшасында (instagram, facebook және ресми сайт: too-kks.kz) тұрақты жариялануда.

Осы жылдың 7 айы бойынша жоспарланған және нақты орындалған әлеуметтік көмек көрсеткіштері келесідей:                  

Атауы

Жоспар/ саны

Жоспар/сомасы

Факт/саны

Факт/сомасы

1

Жұмыскердің балалы болуына байланысты материалдық көмек

16

1299

15

1032,2

2

Туыстарының қайтыс болуына байланысты материалдық көмек

12

1300

19

1297,3

3

1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы

42

1364

19

767,8

5

Некеге тұрумен байланысты материалдық көмек 

8

650

1

136

6

50-55-60 жас мерейтойына материалдық көмек

20

3606

18

3146,6

7

Жұмыскерлермен мен Зейнеткерлердің отбасылық жағдайына байланысты материалдық көмек

22

2512

6

464,6

8

Ұлы отан соғыс күніне орай материалдық көмек

5

618,6

5

618,6

9

Мерекелерге (Наурыз, Құрылысшылар күні, Тәуелсіздік күні) зиян алатын Жұмыскерлермен Зейнеткерлерге біржолғы төлемдер

175

3850

159

3212,1

10

Мерекеге (8 наурыз) зиян алатын Жұмыскерлермен Зейнеткерлерге біржолғы төлемдер

31

341

32

323,2