Серіктестік Жұмыскерлерінің назарына

Серіктестіктің өндіріс орынан ақпарат
Серіктестіктің өндіріс орынан ақпарат

Ағымдағы 2021 жылдың ақпан айының 04-09 аралығында Серіктестіктің арнайы жұмыс тобының жопарлы жұмысы шеңберінде, Серіктестіктің өндірістік нысандарында еңбек етіп жатқан бригадаларды аралау, Жұмыскерлермен көзбе-көз кездесіп, оларды толғандырып жүрген сұрақтарды талдау және вагон үйшіктердің жай-күйімен танысу іс-шаралары жүзеге асырылды.

Толығырақ осы тақырыптың сілтемесін басып таныса аласыз.

298
Серіктестіктің 2020 жылдың қорытындысы бойынша есебі
Серіктестіктің 2020 жылдың қорытындысы бойынша есебі

Құрметті Жұмыскерлер!

"Кен-Құрылыс-Сервис" ЖШС-гі назарларыңызға 2020 жылы Серіктестікпен жасалған жұмыстармен, атқарылған іс-шаралар туралы есебін, оқып танысу үшін ұсынады.

Айта кететін жағдай, өткен 2020 жыл, Серіктестік және бүкіл әлем үшін оңай жыл болған жоқ. Пандемия әрбір азаматтың өмірімен жүріс-тұрысына күрделі өзгерістер әкелді, соның ішінде денсаулықпен гигиенаға көп көңіл бөлу, айналамызбен жан-жағымызды бағалау қажеттігін еске түсірді.

Осы орайда Серіктестік өз Жұмыскерлерінің денсаулығына/өміріне зиян келмеу және алдын-алу  мақсатында, Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде, жұмыс режимін қашықтықтан (үйден) жұмыс жасауға және қалауы бойынша жалақының 70% сақтау арқылы бос тұрып қалу күндері ұйымдастырды.

Сондай-ақ, індеттің орын алуы және өршуі кезеңінде арнайы құрылыған Серіктестік жедел штабының белсенді жұмысы арқасында, Серіктестік, Covid-19 вирустық инфекциясының таралуына қарсы күрес іс-шараларын тиісті дәрежеде жүзеге асырды.

Соның ішінде, Жұмыскерлерді көп қолданбалы және бір реттік маскалармен, антисептикалық құралдармен қамтамасыз етті, жүйелі түрде жұмыс орнына дезинфекциялық жұмыстар жүргізді және т.с.с. шаралар ұйымдастырды.

Індеттің жұмыс жоспарына өзгерістер енгізуіне қарамастан, Серіктестік 2020 жылға жоспарланған жұмыс көлімін орындап (басым бөлігін) жылды келесідей нәтижемен аяқтай алды (есепті жүктеу үшін осы басылымның тақырыбын басыңыз)            

309
2020 жылдың 7 айы бойынша Серіктестіктің есебі
2020 жылдың 7 айы бойынша Серіктестіктің есебі

Құрметті Жұмыскерлер!

Барлықтарыңызға мәлім, ағымдағы жылы COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуы салдарынан, әлемде орын алған эпидемиялогиялық ахуалға байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысымен облыс территориясында карантин режимі енгізіліп, қатаң шектеу шаралары бекітілді.

Бұл шаралардың мақсаты Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу болып табылады.

Сол сияқты Серіктестік вирустық инфекцияның Жұмыскерлері арасында таралуына жол бермей, алдын алу мақсатында, Жұмыскерлердің жалпы санының үшеуден асатын жиналыстарды өткізуді тоқтатты.

Алайда, Серіктестік Жұмыскерлердің қатысуымен өтетін есепті жиналыстардан бас тартпайды, тек есеп беру форматының өзгергені туралы хабарлайды.

Яғни, Серіктестіктің кез-келген Жұмыскері есеппен және ақпараттармен ғаламторда тіркелген, Серіктестіктің ресми әлеуметтік парақшасынан таныса алады. 

Осыған орай, сіздердің назарларыңызға ағымдағы жылдың жеті айы бойынша есебін жаңа форматта ұсынады.

546