Серіктестіктің өндіріс орынан ақпарат

← Предыдущая Следующая →
341

Келесідей құрамда арнайы жұмыс тобы құрылды:

  • Жаңаөзен мұнай өнеркәсібі мердігерлік мекемелер жұмысшылар Кәсіподағы - Сұлтанбаев Қ.
  • Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бөлімі - Гайсин А.
  • Әлеуметтік қамту тобы - Молбаева Ы.
  • Әкімшілік-шаруашылық меңгеруші - Аймұханова Н.

Аталған жұмыс тобының жүмысы нәтижесінде 20 (жиырма) бригадаға тексеру жұмыстары жүргізілді және анықталғаны:

Ыстық тамақпен қамту тиісті дәрежеде жүзеге асады, тамақ сапасы жақсы және уақытында беріледі. Сондай-ақ, су және арнайы сүт уақытында беріліп отыр. Вагон үйшіктері микротолқынды пеш, тоңазытқыш, сплит жүйесі (кондиционер), тоқ шәйнекпен қамтылған. Алайда вагон үйшіктеріне жөндеу жүргізу қажет (еден, терезелері). 

Жұмыскелермен кездесу барысында, оларды толғандырып жүрген сұрақтары тыңдалып, жұмыс барынсыда қажетті құралдардың тізімі жасалды. Жұмыскелер тарапынан болған ұсыныстармен тілектер жұмыс тобының айқындамасына енгізілді. 

Жұмыс тобының қызметінің қорытындысы Серіктестік басшылығына жеткізіліп, осы бойынша арнайы жиналыста талқыланды.