"Машат-Арасан" балалар сауықтыру лагері

Балаларды сауықтыру лагері - Түркістан облысының ең көркем жерлерінің бірінде, Машат өзенінің шатқалында орналасқан. Балалардың демалысы мен денсаулығын нығайту үшін тамаша жағдайлар жасалған, олардың келуі (шығуы) тұрғысынан өте ыңғайлы, сондай-ақ, дамыған инфрақұрылым мен көлік схемасы бар, жылыту, желдету және өрт қауіпсіздігі толықтай қамтылған.

Балаларды сауықтыру лагері келесідей талаптарды қамтамасыз етеді:

  • Санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес келетін балаларды жайлы корпустарға орналастыру;
  • Коттедждерде немесе заманауи қабатты корпуста балалардың нөмірлерде тұруы (бір бөлмеде 6 адамнан артық емес);
  • Ұйықтайтын корпустарда тәулік бойы суық және ыстық судың болуы;
  • Әрбір бөлмеде ыңғайлы керек-жарақтың болуы (қолжуғыш, душ, дәретхана);
  • 1 (бір) балаға есептегенде бөлмелерде – кереуеттер, тумбалар, матрастар, кемінде 2 (екі) жайма (немесе жайма және көрпе тысы), көрпелер, жастықтар, тыстар, аптасына кемінде 1 (бір) рет төсек-орын ауыстырумен, бөлмеге киімге арналған шкаф, 100% мақтадан жасалған төсек-орын жабдықтары;
  • Балалар бөлмесін күнделікті ылғалды жинап тазалау;
  • Балалардың қауіпсіздік талаптарына жауап беретін асхана, медициналық пункт, мәжіліс залы, үйірмелер мен секцияларға арналған үй-жайлар, диско-зал, түрлі спорт алаңдары, шағын футболға арналған алаңдар, жағажай волейболына арналған алаңдар, қызығушылықтары бойынша үйірмелер (билер), дамыту ойындары, кітапханалар, спорттық және басқа да мүкәммалдардың болуы.
  • Қоқыс пен тамақ қалдықтарын жинау шаруашылық аймағының аумағында жүзеге асырылуы тиіс.
  • Отрядтарда 15 (он бес) балаға кемінде 1 (бір) тәлімгер (вожатый) болуы.

Сондай-ақ, Балаларды сауықтыру лагерінің қызметіне кіреді:

  • балаларды Шымкент қаласының әуежайынан лагерьге дейін және кері қарай кондиционерлермен, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған, жол полициясы органдарының ілесіп жүруімен жайлы автобустарда жеткізу;
  • еріп жүрушілердің тұруы және тамақтануы (келуге 2 адамнан кем емес);
  • кәсіби оператордың бейне/фото түсіруін жүзеге асыруы, кейіннен компакт-дискіні беру;
  • лагерь логотипі бар футболка мен бейсболка жасау және сыйлық рюкзак (жеңдер, бассейнге арналған бас киім, көзілдірік, тәттілер).

 _MG_8680