ЖАҢАЛЫҚТАР

« Назад

«КЕН-ҚҰРЫЛЫС-СЕРВИС» МЕКЕМЕСІ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІН АТАП ӨТТІ 14.08.2017 16:58

Құрылысшылар күніне орай ағымдағы жылдың 11 тамыз күні Жаңаөзен қаласының «Мұнайшы» мәдениет сарайында өткен салтанатты шарада бірқатар сала мамандары марапатталды. Жиынға Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағымбаев, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның өндіріс  және кенорындарын игеру жөніндегі басқарушы директоры Нұрғалиев Қуанышбай,  мұнай  сервисінің  жобалары  департаментінің жетекші маманы Изекенов Феликс және «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның бас директорының  орынбасары Ибағаров Мақсат қатысты.

Салтанатты жиынды «Кен Құрылыс Сервис» серіктестігі директоры Салтанат Искаков құттықтау сөзбен ашып, мекеменің жеткен жетістіктеріне тоқталды.

-         Құрылысшы – адамзат өркениетінің бастауында тұрған мамандық. Құрылыс индустриясы – экономиканың негізгі іргетасы. Кез келген елдің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тікелей байланысты. «Кен Құрылыс Сервис» серіктестігі «ҚазМұнайГаз» БӨ» акционерлік қоғамының жалғыз құрылыс мекемесі. «Өзен» және «Ембі» кен орындарында құрылыс бойынша күрделі мәселелер шешімін тауып келеді. Жыл сайынғы жасалып жатырған жұмыстарды дер кезінде үлкен абыроймен атқарып жүрміз. Сондықтан, сіздерге көрсетілетін құрметте айтар алғыстар мол, - деді «Кен Құрылыс Сервис» ЖШС-нің директоры Салтанат Исқақов өзінің құттықтау сөзінде.

01 день строители

Құрылысшыларды төл мерекесiмен құттықтаған Исахан Сағымбаев, Елбасының «Құрылыс - ел экономикасының локомотиві» сөзi құрылысшы мамандығына ерекше серпiн беретiнiн атап өттi.

- Құрылысшылар жер бетіндегі бейбіт, жасампаз мамандықтың иесі деп білемін. Елбасымыз «Құрылыс - ел экономикасының локомотиві» деп атап көрсеткен еді. Бұл - құрылысшыларымыздың еңбегіне берілген зор баға. Сіздер қала экономикасына да сүбелі үлес қосып келесіздер. Барша құрылыс саласының қызметкерлерін айтулы мерекемен құтықтаймын, - деді Исахан Сағымбаев.

_MG_0027

Шара барысында Жұмыста ерекше көзге түскен мекеме қызметкерлеріде грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, құрметті демалыстағы ардагерлерге алғыс хаттар беріліп, материалдық ынталандырулар жасалды.

Салтанатты iс-шара барысында «Кен Құрылыс Сервис» ЖШС «Үздік маман-2017» кәсіби шеберлік байқауы бойынша жеңімпаздар марапатталды. Оларға басшылық тарапынан «Алғыс хаттар» берілді. Оған қоса ақшалай сыйақы тағайындалды.

04

«Кен Құрылыс Сервис» ЖШС директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Биманов Әбдірахман: «Құрметті, байқау жеңімпаздары! Мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, жігерін жанитын байқау мамандардың білімі мен біліктілігін арттырады. Практикалық сайыс сіздердің жұмысыңыздың сапасын, ал теориялық сайыс өз мамандықтарыңыздың қаншалықты деңгейде меңгергеніңізді көрсетті. Үздік маман атану үлкен жауапкершілік жүктейді»,- деді.

_MG_0714

Сондай-ақ, жиынында «Құрылысшылар» күніне арналған Спартакиада жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

-         Спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спартакиада жеңімпаздарын жарқын жеңістерімен құттықтап, әрқашан осылай табыс тұғырына көтеріле беріңіздер деген тілек білдіреміз, - деді «Кен Құрылыс Сервис» серіктестігі директорының қаржы және экономика жөніндегі орынбасары Сабит Кулсариев.

07 01 день строители

Мерекелік шара ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі сазгер Жалғас Кеңесовтың ән-шашуымен қорытындыланды.


08


Комментарии


Комментариев пока нет

Пожалуйста, авторизуйтесь, чтобы оставить комментарий.
Авторизация
Введите Ваш логин или e-mail:

Пароль:
запомнить