"Алатау" емдеу-сауықтыру орталығы

Алатау

«Алатау» емдік-сауықтыру кешені еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қаласының шетінде табиғаты әсем, демалыс пен емделуге барлық жағдайлар жасалған теңіз деңгейінен 800 метр биіктікте орналасқан. 
Бірегей сәулетті 2 қабатты ғимаратта 4 жұлдызды бәр және екі орынды терезесі Іле Алатауына қарайтын бөлмелерден тұрады.

Таза ауа мен тыныштық, кешеннің кез кез келген жерінде тазалық пен тәртіп , бөлмелерде ыңғайлылық пен көркемділік, асханада дәмді ас пен тез әрі сапалы қызмет, тиімді әрі білікті емдеу, кешен қызметкерлерінің ізеттілігі мен сыпайылығы сіздің кешенде дем алуыңыз бен емделуіңізді жағымды әрі көңілді етіп, өз денсаулығыңызды жақсартып алуға нағыз ыңғайлы жағдай туғызады. 
Әр жыл сайын "Алатау" емдік-сауықтыру кешенінде 10 мыңнан астам адам ем қабылдап демалады.

«Алатау» емдік-сауықтыру кешенін бірегей деп тану өте орынды, өйткені бір ғана кешенде емдік және диагностикалық орталық, спа орталық, спорт кешені, аквапарк, гольф-клуб және мейрамхана орналасқан. Осындай әр-түрлі салалардың бір орында жұмылдырылуы басқа ешқандай жерде орын алмаған.

Емдеу бағыттары:

* Тірек-қимыл аппараты
* Асқазан-ішек тракты
* Жүрек-қан тамыр жүйесі
* Өт жолы-жыныс жүйесі
* Жүйке жүйесі

Емдеу кешеніне су процедуралары (былау, душ, сулау), физиотерапевтік шаралар, минералды сулар, балшықпен емдеу, емдік шынықтыру және дәрігер нұсқауы бойынша т.б. шаралар кіреді.